Қараша айында БҰҰ-ның ана мен бала мәселелері жөніндегі сарапшылары келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қараша айында БҰҰ-ның ана мен бала мәселелері жөніндегі сарапшылары келеді

Қараша айында БҰҰ-ның ана мен бала мәселелері жөніндегі сарапшылары келеді

БҰҰ-ның ана мен бала мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшылары қараша айында Қазақстанға келеді.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 659
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстандық делегацияның шақыруымен биыл қараша айында Қазақстанға БҰҰ-ның ана мен бала мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшылары келеді», — делінген ведомство таратқан бүгінгі хабарламада.

15 мен 18 қыркүйек аралығында Копенгагенде (Дания) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа аймақтық бюросы ацмақтық комитетінің 64-ші сессиясы өтеді.

Қазақстан Франция, Мальта, Швециямен қатар 2015 пен 2018 жылдар аралығында ДСҰ атқару комитетіне мүше болу бойынша ДСҰ Еуропа аймақтық бюросы аймақтық комитетінің қолдауына ие болды.