Білім министрі депутаттардың тағы қаһарына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі депутаттардың тағы қаһарына ұшырады

Білім министрі депутаттардың тағы қаһарына ұшырады

Бүгін Білім министрі депутаттардың тағы қаһарына ұшырады. Мәжілісмендердің ашу-ызасына тиген  «Түрік академиясын құру туралы» заң. Құжатты әзірлеген Аслан Сәрінжіпов ғылыми орталықтың  басшылары мен қызметкерлерін ашық алалап отыр дейді депутаттар. Өйткені, заңда:  «егер академияның президенті мен орынбасарлары шетелдік азамат болса, ол қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктен және салықтан бір-ақ босатылады» деп жазылған екен. Ал, орталықтағы отандық мамандарға мұндай жеңілдіктің бірі жоқ. Даулы құжат төңірегінде әбден тартысқан депутаттар министрге қатаң ескерту жасап, бірінші оқылымда әзер мақұлдады.

  • 18 Қыркүйек 2014
  • 741
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің бүгінгі отырысы әдеттегідей жаймашуақ басталған. Міне, басты баяндамашы Асылан Сәрінжіпов бас көтермей дайындалып жүр. Ал, депутаттар жұмысқа кіріспес бұрын қонаққа келген Үкімет мүшелерінің бірі  —  Ауыл шаруашылығы министрін бүгінгі туған күнімен құттықтап алды. 

— Сегодня родилься министр Мамытбеков Асылжан.

Осылайша көтеріңкі көңіл-күймен басталған отырыс мінберге Асылан Сәрінжіпов шыққанда күрт бұзылды. Білім министрінің «Түрік академиясы туралы» заң жайында жақ ашқаны сол еді, депутаттар өре түрегелді.

Рауан Шаекин, Мәжіліс депутаты:

-Вы что нам принесли сюда? Получается, что завтра любой иностранец будет пользоваться иммунитетом, а казахстанец – нет?! Нормально. И что мы должны такое ратифицировать? Это говорит о том, что законопроект сырой: ни Министерство образования, ни министерство иностранных дел не работает. Притащили – давайте придадим статус.

Асылан Сәрінжіпов алып келген бұл құжатта: «елімізде құрылған Түрік академиясының президенті мен орынбасары шетелдік азамат болса, қылмыстық жауапкершілік пен салықтан түбегейлі босатылады» делінген. Ал, дәл осы орынға қазақ отырса, мұндай жеңілдіктің бірі де жоқ екен. 

Асылан Сәрінжіпов, Білім және ғылым министрі:

— Бұл ұйымға жұмысқа келетін адамдардың деңгейі өте жоғары. Сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылады деген әңгіме мүлдем болмауы тиіс.

Рауан Шаекин, Мәжіліс депутаты:

— Будут приезжать достойные люди, а любой казах, который казахстанец назначается на должность президента — не достойный. Вы почитайте соглашение.

Ал, даулы құжатқа дауыс беруге келгенде, депутаттардың өздері бір-бірімен шекісіп қалды.

Что вы хотели? Выступить? Говорили: давайте поставим, сказали не надо ставить на голосование предложение Рогалева

Кейін минстрге қатаң ескерту жасап, мәжілісмендер заңды бірінші оқылымда қабылдап жіберді.

Рамазан Сәрпеков, Мәжіліс депутаты:

-Айналдырған баяндама 4-ақ минуттық баяндама болды, қойылған 5-6 сабақтың біреуіне мәнді жауап алған жоқ. Біздің айтқанымызды, әріптестеріміздің айтқанын саналы азамат қой, түйсігіне құйған шығар. Келесі келгенде ол мұндай қателік жібермеуге тырысады.

Ал, ескерту естіп, қатаң сөгіс алып шыққан министрдің камера алдында сұхбат беруге мүлдем көңіл-күйі болмаса керек, Мәжіліс залынан шыға салысымен бір сәтке де тоқтамай қаша жөнелді.

— Жалпы, Түрік академисы Елбасының ұсынысымен құрылған. Ғылыми орталық түркі мәдениеті мен тарихын зерттеуге және түрколог мамандарды дайындауға бағытталған. Ұйымға Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан мен Қазақстан мүше. Біздің Білім министрлігі халықаралық конвенцияға сүйеніп осы орталықтың шетелдік қызметкерлерін елшілердің деңгейімен теңестірмек.