Махмұт Ысқақов, турист:
-Емшектегі сәбиіміз бар. Тамақ бермеді. Қытай азаматтарын жайғастырып жатыр тек. Бізге ешқандай көңіл бөліп жатқан жоқ. Күтіңдер дейді. Не су не жарық жоқ. Есеңгіреп қалдық.
Ал қонақүй тегіс қирап қалған. 4 адамнан тұратын Ысқақовтар отбасының Қазақстанға қашан оралатыны белгісіз. Себебі әуе қатынасы тоқтап қалыпты. Төтенше жағдайға байланысты еліміздің Қытайдағы елшілігінде «жедел желі» іске қосылды. Экрандағы телефон нөміріне хабарласып, көмек сұрауға не зардап шеккендер туралы ақпарат алуға болады. Қытайды биылдыққа осымен 15-ші рет тайфун жайпап, жолындағысының бәрін қиратып жатыр. «Калмэджи» деп аталатын бұл жолғы дауыл Хайнань аралын талқандап енді Қытайдың оңтүстік аудандары мен Вьетнамға қарай ойысып барады. Жаңбыр аралас дауылдан 20 адам қаза тауып, жүздеген тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.
Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

