Алайда дәрігерлер баланың қалыпқа келуіне әлі ұзақ уақыт керек дейді.
«Қазіргі жағдайы бірқалыпты. Адамдарға қарайды, анасын да таныды. Бірақ әлі сөйлемейді, өздігінен жұтына алмайды. Әйтсе де, жайлап ес жиып келе жатқаны қуантады», — дейді балалар ауруханасы травматология бөлімінің басшысы Ғабит Ережепов.
Естеріңізге сала кетейік, 42 жастағы көршісі 8-қабаттағы терезеден лақтырып жіберген теледидардың бір бөлшегі далада ойнап жүрген Исламның басына тиіп, бас сүйегін сындырған.
Облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева аурухана да жатқан Исламның хал-жағдайын білуге барды. Дәрігерлермен және баланың ата-анасымен жолығып, оның жағдайын сұрап білген аймақ басшысының орынбасары Исламның ауруханадан тез сауығып шығуына тілектестігін білдіріп, оған сыйлықтар тарту етті, деп хабарланған Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтында.