Электронды жайнамаз бейненұсқасын қосумен жетілдірілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электронды жайнамаз бейненұсқасын қосумен жетілдірілмек

Электронды жайнамаз бейненұсқасын қосумен жетілдірілмек

Электронды жайнамаз ойлап тапқан алматылық азамат өзінің өнертабысын одан әрі жетілдірмекші. Оның заманауи құрылғысы намазды оқып-үйренуге ниет еткен жандарға арналған.

  • 18 Қыркүйек 2014
  • 540
Фото - Caravan.kz

Бес уақыт намаз бен үтір намазын оқуды үйрететін электронды жайнамазды ойлап табу үшін Алханбай Сатыбалды екі жыл бойы еңбектенген. Өнертапқыштың төрт ай бұрын жасап шығарған туындысындағы кішкентай ғана құрылғыға намазда оқылатын сүрелердің барлығы жазылған.

«Намаз араб тілінде оқылады. Сондықтан көптеген кісілер жаттай алмайды. Есімізден шығып кетеді дейді. Соны жеңілдету үшін осындай жайнамаз жасадық. Мұнда бес парыз намаз бен үтір намаз жазылған. Мүфтияттың сараптамасынан өткен. Құлаққа құлаққап салып алып ілесіп оқи бересіз. Қабілетіңізге қарай үйренгенге дейін мұны пайдалануға болады», — дейді Алханбай Сатыбалды.

Заманауи қондырғы орнатылған жайнамаз әсіресе, зағиптар мен тілінің мүкістігі бар жандарға тиімді екен. Оны өнертапқыш қазақи ою-өрнекпен көмкеріп, көрікті етіп жасаған. Сондай-ақ кілемшенің көлемі де біраз өзгертіліпті.

«Бүкіл дүниежүзілік өлшем бойынша жайнамаздың ұзындықтары — 1,10 см етіп шығарылып жатыр. Оның дұрыс еместігіне көзім жетті де, 1,40 см қылып өзгерттік. Сөйтіп бір жайнамазға үш түрлі жаңалық еніп отыр», — дейді электронды жайнамаздың авторы.


Отандық өнім болашақта тағы да жетілдіріле түспек. Яғни, өнертапқыш намаз оқу барысындағы іс-қимылдарды да үйрету үшін оған экран орнатып, видеонұсқасын құрастыруды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Жетінші арна.