2015 жылы Алматыда қалдық өңдеу зауытының құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылы Алматыда қалдық өңдеу зауытының құрылысы басталады

2015 жылы Алматыда қалдық өңдеу зауытының құрылысы басталады

2015 жылы Алматыда қалдық өңдейтін зауыттың құрылысы басталады.

  • 18 Қыркүйек 2014
  • 1255
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы COWI консалтингтік компаниясының қоршаған орта жөніндегі маманы Евгений Лапшин мәлім етті.

«Зауыт құрылысы жарты жылдан кейін басталады деп ойлаймын. Жобаның жалпы құны 100 млн долларға жуықтайды. Кәсіпорынның негізгі принципі – қалдықтардан электр қуатын өндіру. Қоқыста биологиялық ыдырайтын фракциялар бар. Олар бөлініп, реакторларға түседі… сол фракциядан метан деп аталатын биогаз өндіріледі. Метан құбыр генераторларға түсіп, жағылады, сөйтіп, электр қуаты алынады», — деді Е.Лапшин.

Оның айтуынша, зауыт Алматыдан 20 шақырым жердегі өнеркәсіп аймағында, Бірінші май тоғаны маңында орналаспақ.

Нысан Еуразиялық даму банкінің қаражаты мен жеке инвестиция есебінен салынады.

«Біздің компания жобаның кеңесшісі әрі техника-экономикалық құжаттарын да біз әзірлейміз. Жобамен Алматы әкімдігі айналысады. Құрылысқа қажетті қаражаттың жартысынан астамы ЕАДБ-нен несие есебінде алынады. Қалған қаражат бюджеттен немесе жеке инвесторлардан алынады. Жарты жылдан кейін банк тиісті шешім қабылдап, құрылыс басталады деп ойлаймын», — дейді Е.Лапшин.


Сарапшының айтуынша, бастапқы сатыда зауыт жылына 300 мың тонна қоқыс өңдемек. Кәсіпорынға 10 гектар алқап бөлінген. Құрылыс қаржы бөлінген сәттен бастап үш жыл ішінде аяқталуы тиіс.