Бір тәулікте мемлекеттік шекараны бұзып кірген бес шетелдік құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір тәулікте мемлекеттік шекараны бұзып кірген бес шетелдік құрықталды

Бір тәулікте мемлекеттік шекараны бұзып кірген бес шетелдік құрықталды

Қазақстандық шекарашылар бір тәулікте мемлекеттік шекараны бұзып кірген бес шетелдікті құрықтады.

  • 18 Қыркүйек 2014
  • 419
Фото - Caravan.kz

Оның бесеуі Өзбекстанның, біреуі Қытай азаматы болып шықты, деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңғы сағат бесте «Қорғас» заставасы аумағында бақылау жүйесі іске қосылған. Дабыл соғылған жерге жеткен шекарашылар шекараны бұзып өткен Қытай азаматын қолға түсірді.

Оның сөмкесінен жеке куәлік пен әскери билет, спиртті ішімдіктер, ұялы телефон, әлем картасы бейнеленген қойын кітапша, пышақ, күннен қорғайтын қос көзілдірік, тіс пастасы, тамақ пен спорт киімі табылды, делінген хабарламада.

Дәл сол күні Бейнеу шекара жасағы «Оазис» бекетінде Өзбекстанның төрт азаматын құрықтады. Бір отбасының мүшелері болып табылатын олар шекараны өткізу бекетінен тыс жер арқылы кесіп өтпек болыпты.


«Жеке басын куәландыратын құжаттары да жоқ. Олар Қазақстаннан жұмыс іздеу мақсатында шекараны заңсыз кесіп өткенін айтады», — делінген хабарламада.

Шекараны бұзу фактілері туралы құқық қорғау орындарына хабарланып, тексеру жүріп жатыр.