Астанада ІІМ қызметкері жаттығудан кейін көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ІІМ қызметкері жаттығудан кейін көз жұмды

Астанада ІІМ қызметкері жаттығудан кейін көз жұмды

ІІМ қызметкері, 34 жастағы әйел адам, Астанада жаттығу залында жаттығудан кейін көз жұмды.

  • 18 Қыркүйек 2014
  • 450
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

«17 қыркүйек күні  «Алатау» спорт кешенінің жаттығу залында 34 жастағы ІІМ қызметкер жаттығудан кейін көз жұмды. Ол 15-17 қыркүйек аралығында өз еркімен жаттығу залына барып жүрген. Бұрын ол жаттығу залына бармаған», — деп атап өтті Н. Ораз.

Оның айтуынша, ес-түссіз жатқан ІІМ қызметкеріне ең алғашқы медициналық көмекті кешеннің медбикесі көрсеткен. Алайда тез арада жеткен «Жедел жәрдем» дәрігерлері әйелдің өмірін сақтап қала алмады.


«Сот-медициналық сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әйел өлімінің анық-қанығы зертелуде», — деді Н. Ораз.