Алдағы жылу маусымына дайындық қазан айына дейін аяқталуы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы жылу маусымына дайындық қазан айына дейін аяқталуы тиіс

Алдағы жылу маусымына дайындық қазан айына дейін аяқталуы тиіс

Қазақстанда биылғы жылу маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.

  • 18 Қыркүйек 2014
  • 347
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті.

«Бүгінде барлық жергілікті атқару органдары өздеріне жүктелген міндет-тапсырмалармен таныс. 1-қазанға қарай энергетикалық кешен нысандарының күзгі-қысқы жылу маусымына жалпы дайындығы 100 пайызға жетеді деп үміттенеміз», — деді ол бейсенбідегі брифингте.

«Қиындық тудырып отырған жерлер де бар, олар негізінен Семей мен Көкшетаудың энергетикалық нысандарына байланысты», — деп қосты вице-министр.

«Алматыда магистральді жылу желілерін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қолға алынған шаралар жөндеу жұмыстары дер кезінде аяқталады деп үміттенуге мүмкіндік береді. Бірақ, Алматыда апатты жағдайлар болуы мүмкін деген қауіп те жоқ емес. Ондай оқиғалар бұрында да болған-ды. Бұл негізінен жылу желілерінің тозығы жетуіне байланысты туындап отырған мәселе. Қажетті қосалқы бөлшектер мен қондырғыларды жинап, осындай апатты жағдайларға дайын болу туралы ұсыныс жасалды», — деді вице-министр.

«Көмір мен мазут қоры да жеткілікті. 3,6 млн тонна көмір мен 105,3 мың тонна мазут дайын тұр. Бұл күтпеген жағдай болмайды деп сенімді түрде айтуға мүмкіндік береді. Барлық станциялар тиісті деңгейде отын қорымен қамтамасыз етілді», — деді ол.