Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек. Десе де, байқауға қатысушыларға қойылған талап бұрынғыдай – олар Алматы туралы жаңаәнді шырқауы тиіс. Озық деп танылғандарға қымбат автокөлік бұйырмақ. Ал оны жеңіп алуға әр облыстан 17 адам үміт артып келген. Кештің шымылдығын былтырғы байқаудың жеңімпазы Айкүміс Бөлеген ашты.
Артынан үміткерлер бірінен кейі бірі сахнаға шығып Алматы жайында ән шырқады. Бірі дуэт, бірі квартет болып орындап, кейбірі тіпті рэп айтып, көптің көңілін көтерді.
Ал үздікті анықтау Нұрлан Абдуллин бастаған қазылар алқасына жүктелген. Бірақ оларға таңдау жасау оңай болған жоқ.
Нұрлан Абдуллин, әнші:
-Алматы туралы әнді мұң ретінде айтпауымыз керек. Өзіміздің табиғатымыз қандай,адамдарымыз қандай жымиып, күліп жүретін. Сондықтан сондай әндерді күттік.
Ақыр соңында қазылар алқасының көкейіндегісін тауып, әдемі дауысымен көңілді ән орындаған «Арман» дуэті бас жүлдені жеңіп алды.Жүлделі орындар да сыйлықтан құр қалған жоқ. Бірінші орын алғандар бейнебаян түсіріп, оны музыкалық арналардан тегін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Ал екінші орын алғандардың әні еліміздің радиоларында шырқалмақ. Үшінші орын иегерлеріне өздері қалаған музыкалық аспап сыйға беріледі. Көлік кілтін алған «Арман» дуэті қымбат темір тұлпарды кім тақымдайтынын сол жерде шешіп алды.
-Ол азамат ретінде маған жолын берді. Енді машина менікі.