Астанада ақсүйек қыздарға арналған оқу орны ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ақсүйек қыздарға арналған оқу орны ашылды

Астанада ақсүйек қыздарға арналған оқу орны ашылды

Астанада «Қазақ қызы» атты институт ашылды. Оқу ордасы бұрымдыларға кербез жүріп-тұрудан бастап салт-дәстүріміз бен еуропалық тәрбиені қатар үйретпек. Елімізде алғаш рет ашылған қыздар институтының тұсауын Мәжілістегі депутат келіншектер кесті.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 230
Фото - Caravan.kz

Ал, зәулім үйдегі сабақ дәл осы бөлмеден басталады. Міне, оқытушы жасы оннан жаңа асқан қыздарға дастархан басында өзін ханшайымдардай ұстаудың қыр-сырын үйретуде. Бұл жерден қазақ қызы еуропалық тәрбие алады. Бұдан бөлек, түрлі ұлттың асын әзірлеуге де дайындайды. Ал, оюмен өрнектелген мына бөлме жеткіншектерді қазақы құндылықтарымызға баулиды екен. Сондай-ақ, үш қабатты ғимараттың ішінде би, тігін, тоқыма тіпті гольф пен үлкен теннис сынды сан түрлі үйірме де  бар. Яғни, институттың бай-бағлан, қалтасында қаржысы бар кез-келген адамның қызын кербез, назды, қылықты, өнерлі етіп шығаруға мүмкіндігі бар. Ақысын төлесеңіз болғаны. Ал, оқу құны айына 50 мың теңге. Институт 8 жастан 18 дейінгі  бұрымдыларды ғана қабылдайды.


Қарақат Әбден, Қазақ қызы институтының директоры:

-Оның тәрбиесі дұрыс болу керек қазақ қызы болу үшін. Ол домбыра ұстай білу керек, ол ана сүтімен келген салт-дәстүрді білу керек. Онымен қатар,  атқа отыруды, гольфты, теннисті, дастарханда қалай отыруды , соның бәрін қазақ қызы білуі тиіс.