Таразда 70 жастағы қарияның туыстары табылмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда 70 жастағы қарияның туыстары табылмай жатыр

Таразда 70 жастағы қарияның туыстары табылмай жатыр

Жеті жылдан бері әлеуметтік бейімдеу орталығында жатқан ақсақалдың бірде-бір құжаты жоқ. Соның кесірінен мамандар оны қарттар үйіне де өткізе алмай отыр. Өзінің айтуынша, екі баласы мен бір қызы болған. Ал әйелі 20 жыл бұрын айықпас дерттен көз жұмыпты.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 297
Фото - Caravan.kz

Мұрат Бекбосынов:

-Жолдасым қайтыс болған кезде, біреуі 11, біреуі 9 оқитын. Мына Карл Маркс мектебінде бітірді. Алматыға институтқа түсті. Жақсы бітірген оқуды. Соларды Петрогродкаға аспирантураға жібергем.

Ұлын ұяға қызын қияға қондырған соң қария қой бағып кетіпті. Аттан құлап омыртқасын зақымдап, ауруханаға түскен. Содан бері екі аяғы істемей арбаға таңылған екен. Қолында құжаты болмаған соң, бүгінге дейін әлеуметтік бейімдеу орталығында жатыр. Мамандар оның аты-жөнінің дұрыстығына да күмәнмен қарайды. Өйткені Ішкі істер министірлігінің базасында да «Мұрат Бекбосынов» боп тіркелген ешкім жоқ. Мекен-жайы бойынша да деректер расталмай жатыр. Қарияның психикалық ауытқушылығы жоқ. Өзі біраз лауазымды қызметтерде істедім дейді. Алайда мұндай жағдайға қалай тап болғанын түсіндіріп бере алмады. Құжаттың болмауынан зейнеткерлікке де шықпаған, мүгедек деп те танылмаған. 


Ботакөз Қалқабаева, психолог:

-Бұл кісі туралы деректер шықпай жатыр. Сол үшін сіздерден көмек сұрап отырмыз. Бұл кісіні танитын адамдар болса, бізге хабарласса екен.