Павлодарда мектептің төбесі опырылып түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  Павлодарда мектептің  төбесі опырылып түсті

Павлодарда мектептің төбесі опырылып түсті

Павлодарда құрылысы енді қызған мектептің төбесі опырылып түсті. Тапа- тал түсте болған төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, жаңадан салынып жатқан білім ордасында қазірдің өзінде техникалық қаіпсіздік ережесінің бұзылғаны анықталды. 

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 181
Фото - Caravan.kz

Бұл мектептің құрылысы былтырғы қазан айында басталған. Алайда нысанның салынып бітуінен бұрын, құлауы тез болды. Бірінші қабаттың төбесінің жүз шаршы метрі опырылып түскен сәтте, ішінде 70-ке жуық жұмысшы жүріпті. Құдай сақтап, барлығы аман қалған. Алдын ала болжам бойынша, апат бетон бекітпелері мен құрылыс материалдарының сапасыз салынуынан болған.

Битөре Әбдіхалықов, Павлодар облыстық Құрылыс басқармасының бас маманы:



-Жорамалдарға қарағанда, жабын тақтасының астындағы тірегішінің майысуына байланысты.  Жабынның құлауы сол технология құрылысы техникасының кішкене ауытқуларынан деп есептеп отырмыз.  Қазіргі кезде мектепте оқушылар жоқ, мектеп әлі тапсырысқа берілген жоқ.