Мәжілісті күзететін полицей жұмыс кезінде өз-өзін атып өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісті күзететін полицей жұмыс кезінде өз-өзін атып өлтірген

Мәжілісті күзететін полицей жұмыс кезінде өз-өзін атып өлтірген

Мәжілісте оқ атылды! Төменгі палатаны  күзетіп тұрған полицей жұмыс кезінде қызметтік тапаншасымен өз-өзін атып өлтірген. Парламент ғимаратының дәл ішінде болған қанды оқиға депутаттарды шошындырып отыр. Ал жаға ұстатарлық жәйттен соң маңызды стратегиялық нысандарды күзететін тәртіп сақшыларының жүйке жүйесі тексерілуде.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 276
Фото - Caravan.kz


Мәжіліс ішінде суицидке барған жігіттің жасы 24-те екен.Үкіметтік мекемелерді қорғау жөніндегі арнайы полкта жұмыс істеген. Марқұм  лейтенанттың өз-өзіне қол жұмсауына қызметтегі ауыртпалық әлде отбасылық жағдайы себеп болды ма бұл жағы әзірше белгісіз. Сондай-ақ, Ішкі Істер министрлігі дүйім жұртты дүрліктірген тағы бір қызметкерінің жұмбақ өлімін тексеріп жатыр. Бұл жолы 34 жастағы полицей келіншек Астанадағы «Алатау» кешеніндегі тренажер залында қайтыс болды. Марқұм спортпен айналысамын деп өзін қатты қинап жіберген болуы әбден мүмкін.