«Астана Опера» «Богема» махаббат жырын жырламақ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» «Богема» махаббат жырын жырламақ

«Астана Опера» «Богема» махаббат жырын жырламақ

29 қыркүйекте «Астана Опера» театрында алғашқы махаббат, шексіз шаттық пен сауық-сайран, жалындаған жастық шақ жайлы «Богема» спектаклі қойылады, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен. 

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 410
Фото - Caravan.kz


«Дж. Пуччинидің жастарға арналған нәзік музыкасы ер мен әйелдің қарым-қатынасын жеткізеді. Ғажайып Мимидің рөлінде әдемі де, кең дауысы тулаған — Айгүл Ниязова. Сезімтал Салтанат Ахметова сыңғырлаған ашық дауысты Мюзеттаның партиясын шырқайды. Сарқылмас сезімге толы атмосфераны жеткізетін теңдесі жоқ актерлар құрамында осы операны атақты итальяндық «Арена-ди-Верона» театрында басты партияларда ойнайтын Медет Шотабаев (Рудольф) пен Сүндет Байғожин (Марсель) бар. Евгений Чайников Шонар партиясын, Артур Қайыпқұлов Колленді шырқайды.
Дирижерлық тізгінде — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов», делінген хабарламада.

Операдағы көрініс Парижде, Латын кварталында өрбиді. Қаңғыбастың күйін кешкен Париж көшелерін мекендегендер сахнаға ағашаяқпен шығып, мұңсыз қыздар қалжыңдап, көңіл көтереді. Операда көбіне өмірлері қайғылы келетін өнер адамдарының тағдыры баяндалады. Сюжет жазылмайтын ауруға шалдыққан Мимиді кезіктіретін кедей ақын Рудольфтің махаббаты жайлы және Марсель есімді суретші мен оның жеңілтек дос қызы Мюзеттаның хикаясын көрсетпек.

null

Перейти к новостям спорта