Шымкентте өзін «Самұрық-Қазынаның» топ-менеджерімін деп таныстырған алаяқ сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте өзін «Самұрық-Қазынаның» топ-менеджерімін деп таныстырған алаяқ сотталды

Шымкентте өзін «Самұрық-Қазынаның» топ-менеджерімін деп таныстырған алаяқ сотталды

Шымкентте алаяқ өзін «Самұрық-Қазына» ҰК жоғары лауазымды қызметкері ретінде таныстырған.  Бұл туралы Әл-Фараби аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарланды.  

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 472
Фото - Caravan.kz

Ер адам өзін үшінші орынбасарымын деп таныстырып, құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша тендер ұтып алуға көмектесуге уәде берген.

«Айыпталушы Құралбек 2013 жылы жазда алдау арқылы аса ірі көлемдегі біреудің мүлкіне ие болу мақсатымен «Базис және К» ЖШС директорымен танысып, тендерді ұтуға көмектесуге уәде берген», — деп хабарлады Әл-Фараби аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, айыпталушы жапа шеккен фирманың басшысынан 31 млн. теңге алған. Бұл қаражатты өз қажетіне жаратқан. Әл-Фараби аудандық соты оны ҚР ҚК 177 бабы 4 тармағы бойынша айыпты деп тапты. Алаяқтыққа барған ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот ҚР ҚК 63 бабын қолданып, енді жаза 3 жылға дейінгі сынақ мерзімімен шартты деп есептеледі.