Аутизмнің емі бар... - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аутизмнің емі бар...

Аутизмнің емі бар...

АҚШ Колумбиялық университет қызметкерлері аутизмнің даму себебін анықтап, келешекте бұл дерттен адамдарды емдеп жазатын препарат табуға уәде берді.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 601
Фото - Caravan.kz

Ғалымдардың пікірінше, аутизм синаптикалық нейронды байланыстың  (сау адамда ол даму үрдісінде тоқтайды, 9-12 жасында жоқ болып кетеді) шамадан тыс болуынан дамыған. Мұның шамадан тыс пайда болу себебі mTOR ақуызының көп болуынан деп санайды, деп хабарлады FederalPress порталы.

Зерттеушілер тышқандардың қанына mTOR  мөлшерін азайтатын иммунодепрессант еккен. Нәтижесінде тышқандарда аутизм белгілері жоғалып кеткен, деп жазады шетелдік БАҚ.