БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Эбола жөніндегі қарарды бірауыздан қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Эбола жөніндегі қарарды бірауыздан қабылдады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Эбола жөніндегі қарарды бірауыздан қабылдады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің барлық 15 мүшесі Эбола вирусын әлем мен қауіпсіздікке төнген қауіп деп жариялайтын қарарды жақтап дауыс берді.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 355
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы британдық Би-Би-Си телерадиокорпорациясы мәлімдеді.

Қауіпсіздік кеңесі әлемнің барлық елдерін батыс Африкада індетке қарсы күресте көмектесуге шақырды.

Қарарда африкандық мемлекеттерге Эболадан зардап шекке елдермен шекарадағы жектеулерді алып тастау туралы ұсыныс бар, өйткені шектеулер бұл елдерді тек оқшаулағаны болмаса, вирусқа қарсы күресуге кедергі келтіреді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі алғаш рет тарихта адам денсаулығына төнген қауіпке арналған отырыс өткізді.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша Эбола безгегінен 2600-ден астам адам қайтыс болған.