Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Аймұрзиеваның сөзіне қарағанда, облыстық ауруханаға пышақ жарақатымен жеткізілген төрт студенттің екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. Жүрек тұсынан жарақат алған біреуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Кеуде тұсынан жарақат алғанымен, ішкі құрылыстары сау екіншісі бөлімшеде емделуде.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растағанмен, ешқандай мәлімет бере алмады. Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.