Елбасы жол инфрақұрылымын дамытуға назар аудармақ - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы жол инфрақұрылымын дамытуға назар аудармақ

Елбасы жол инфрақұрылымын дамытуға назар аудармақ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған кезекті жолдауында жол инфрақұрылымын дамытуға назар аудармақ.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 614
Фото - Caravan.kz

«Келесі жолдауымда инфрақұрылымдық дамытуға тапсырма беремін деп ойлаймын. Біз көп шаруа тындырдық, еліміз үлкен, экономика жақсы жолдар кезінде дамиды, кейінгі кезде жол жағдайын уыстан шығарып алдық», — деп ол бүгін Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарымен кездесуде атап көрсетті.

«Біз Астанадан Павлодар арқылы Өскеменге дейін, Астана мен Көкшетау арасында, Астанадан Ақтөбеге және Каспий теңізіне дейін, Астанадан Алматының оңтүстігіне дейін, Алматыдан Өскеменге дейін жақсы жолдар саламыз», — дейді президент.

Соңғы жылдары республикада 40 мыңнан астам көлік жолы, 2 мың 500 километрден астам темір жол салынды. «Бұл жұмыс жалғасады. Біз еліміздің барлық түкпір-түкпірін байланыстыруымыз керек», — дейді ол.