«Байқау жеңімпазына Қазақстанда шығарылған әмбебап шағын автобустың кілтін табыс етемін. Қазіргі уақытта біз автомобиль шығаратын елге айналып отырмыз. Бұл — отандық өндірістен шыққан отбасылық көлік», — деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көліктің кілтін отбасы отағасы Елтай Бимаханбетовке табыстады.
Бимаханбетовтер отбасы 8 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 33 немере мен 10-нан астам шөбере сүйіп отыр. Отағасы Елтай Бимағанбетұлы — мәдениет саласының ардагері. Түркістан қаласының құрметті азаматы.





