Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасы қабылданады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасы қабылданады

Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасы қабылданады

Жыл соңына дейін Қазақстанда бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде тұжырымдама қабылданады.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 826
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

«Жыл соңына дейін Қазақстанда бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасы қабылданады. Бұл ТМД елдерінде бұрын-соңды болмаған жаңалық. Біздіңше, бірден-бір тиімді құрал – әлеуметтік диалог. Ол тұрақты шешімдер қабылдап, қолайлы әлеуметтік климат қалыптастыруға, кәсіпорында да, қоғамда да тұрақтылық орнатуға мүмкіндік береді», — дейді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, делінген хабарламада.

Оның айтуынша, тұжырымдамада тек ірі ғана емес, орташа кәсіпорындарда да корпоративтік келісімшарт бекіту туралы норма енгізілген.