Семейде полицияның әрекеті жүргізушілерді таңқалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде полицияның әрекеті жүргізушілерді таңқалдырды

Семейде полицияның әрекеті жүргізушілерді таңқалдырды

Семейлік тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол үстінде қабылдауда.  Осылайша көлік иелеріне көмектесіп, сұрақтарына жауап беріп жатыр. Бір қызығы, полиция таяғын көрген шопырлар әдеттегідей сасып қалса керек, кейбіреулері оларды мақтай жөнелген.

  • 20 Қыркүйек 2014
  • 264
Фото - Caravan.kz

Шағын автобуста жайғасқан қабылдау пунктіне кірген жүргізушілерге үнпарақтар таратылды. Артынша алаңдатқан мәселелер бойынша сұрау жүргізілді. Бірі жолда ойына келгенін істейтін бұзақылар жайлы айтса, енді бірі техникалық байқау талаптарының өзгергеніне наразы екен. Жанармай төңірегінде де әңгіме қозғалды. Әдетте полициядан алшақ жүруге тырысатын жүргізушілер қалааралық жолдарда жол сақшыларының санын көбейтсе деген ұсыныс білдірді. Бұл шараны қолдағандар да, одан қорқып қалғандар да табылды.


Тілек Сәдуақасов, жүргізуші:

-Мен келе жаттым жолда. Жол полициясы тоқтатты. Мен өзім ойладым, жылдамдық асырып немесе тәртіп бұздым ба деп. Ондай емес екен. Акция жүріп жатыр екен.