Қостанай облысының әкімі «матрешкаға» айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының  әкімі «матрешкаға» айналды

Қостанай облысының әкімі «матрешкаға» айналды

Облыс әкімінің бейнесі ойыншыққа айналды. Қостанайда Нұрәлі Сәдуақасовтың суреті салынған қуыршақтар пайда болды. Шеберлердің қолынан шыққан ерекше туындыны кейін суретшілер барын салып, бейнелеп шығыпты. Сөйтіп, оны көрмеге қойған. 

  • 20 Қыркүйек 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz


Облыстық кітапхананда өткен көрмеге 50-ге жуық экспонаттар, суреттер, ойыншықтар мен түрлі қорапшалар қойылған. Солардың ішінде елдің көзіне бірінші болып түскені облыс әкімі бейнеленген осы матрешка болды. Суретшілердің айтуынша, әлдекім оны арнайы тапсырыс беріп жасатып, 50 мың теңгесін төлеген екен. Бірақ кейін ойыншықты алмай кеткен. Қостанай облысындағы басшыларға байланысты бұрын да дәл осындай қызықты жәйт болған еді. Атап айтсақ, Сергей Кулагиннің  шіркеудегі «әулиелердің» арасында жүрген суретін жұрт әлі де жыр қылып айтады.