Астанада сыныптасын сабақ үстінде өлтірген оқушыға қатысты жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сыныптасын сабақ үстінде  өлтірген оқушыға қатысты жаңа дерек шықты

Астанада сыныптасын сабақ үстінде өлтірген оқушыға қатысты жаңа дерек шықты

Өз құрдасына қалам сұғып өлтірген елордадағы №76 мектеп оқушысы Арлан Олжаханға қатысты жаңа деректер шықты. Бұған дейін Ақсу қаласында тұрған ол,  бұл өңірде де,  өзінің атышулы әрекеттерімен ішкі істер органдарында тіркеуде тұр екен. Ол  тіпті бірнеше рет полицияға қоңырау соғып, бомба жарылатыны туралы жалған ақпарат таратқан. Мұны Павлодар облысының  Ішкі Істер департаменті  растап отыр.

  • 20 Қыркүйек 2014
  • 400
Фото - Caravan.kz

Ал бұл баланың №76- мектепке №52-мектептен ауысқанан бұрын айтқанбыз.

Ұлбосын Байтасова,  Астана қалалық 52 мектеп директоры:

Оқуы  орташа болды. Бірақ, мінез-құлқынан өрескел қылықтар байқалмады. Келесі жылы 7 сыныпқа ауысты. Осы жылдан ұстаздар мінезінен өзгеріс байқаған. Сабақта толық отыра алмайды, сабақтан шығып кетіп жүрді. Сосын ата-аналардан өтініш түсті. Ол толық емес жанұядае,  анасымен сөйлестім.

Тарих пәні үстінде сыныптасы Дәуіржан Оразбайдың кеудесіне белгісіз зат сұғып алған Арлан Олжаханға қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Өйткені, жасы 14-ке толмағандықтан, полиция күдіктіні қамауға да алмаған. Ал құқық қорғау орындарының «қалам сұқты» деген ақпараты расталмайтын түрі бар. Өйткені,прокурорлар қалам емес, өзге заттың болғанын алға тартып отыр. Тіпті, бұл медициналық скальпи болуы да мүмкін екен. Айта кетейік,



осы қанды оқиғадан соң  елордалық мектеп оқушыларының,  директорлар мен мұғалімдердің де жүйке жүйелері жаппай   тексеріліп жатыр.