Бұл жылқыларды Хакасиядан қазақстандық азамат тапсырыспен сатып алған көрінеді. Бірақ жануарлардың нақты кімге тиесілі екені белгісіз. Тек көлік жүргізушісі оларды Жамбыл облысындағы ет комбинаттарының біріне алып бара жатқанын айтты. Ал ресейлік мал дәрігерлері: «жылқылар екі тәулік бойы демалыссыз жол жүрген және су не жем-шөп берілмеген» деп отыр. Оның үстіне жүргізушінің қолында бір тілім ветеринарлық анықтама ғана бар екен. Енді көлік иесі 118 бас жылқыны тар көлікке тастап, құжаттарын түгендеп келуге Хакасияға кетіпті. Ол қайтып келгенше, жануарлардың жағдайы не болатыны белгісіз. Осылайша, екі ортада қазақ кәсіпкері шаш етектен шығынға батуы мүмкін.