Алматыда жолаушылар жантүршігерлік апаттан аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  жолаушылар жантүршігерлік апаттан аман қалды

Алматыда жолаушылар жантүршігерлік апаттан аман қалды

Алматыда жолаушыға толы автобус жол апатына ұшырап соның салдарынан 14 адам зардап шекті. Алдын-ала болжам бойынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан №303-ші бағыттағы қоғамдық көлік бұрылып үлгере алмай, темір бағанаға барып соғылған.

  • 20 Қыркүйек 2014
  • 449
Фото - Caravan.kz

Соққының қатты болғаны сонша, автобустың алды жапырылып жүргізушіні қысып қалған. Құтқарушылар оны арнайы құрылғының көмегімен жарты сағаттың ішінде зорға дегенде алып шықты. Ал, соғылар кезде жайбарақат отырған жолаушылардың біразы жарақат алған. Жалпы зардап шеккен 14 адамның екеуі стационарлық көмектен бас тартты. 7 адам облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылса, қалғандары қаладағы нөмірі 7, 5 және 4-ауруханаларға жеткізілген.


Сағит Маханов, Алматы облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері:

-Ауруханаға түскендердің жағдайлары бір қалыпты. Бірақ автобус жүргізушісін бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Оның миы шайқалып, бас сүйегіне зақым келген. Екі тобығы мен және оң жақ тізесі сынған.