Сонымен Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Е.Қазыханов 1964 жылы 21 тамызда Алматы қаласында туған. Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетін бітірген. Тарихшы-шығыстанушы. Ағылшын және араб тілдерін меңгерген. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі,Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметтерін атқарған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен және «Құрмет» орденімен марапатталған.
Ал Қайрат Қуатұлы Әбусейітов Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Қ.Әбусейітов 1955 жылғы 20 қазанда Алматы қаласында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін, М.Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасын бітірді. ҚР Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты Стратегиялық зерттеулер орталығы сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік бойынша бағдарламасының басшысы болды, ҚР СІМ Орталық аппаратында жауапты дипломатиялық лауазымдарда қызмет атқарды. Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесшісі, ҚР СІМ Бірінші департамент директорының орынбасары, Бірінші департаменттің директоры, Жан жақты ынтымақтастық департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі, бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Швейцар Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР Үкіметінің БҰҰ Бөлімшесі және Женева қаласында орналасқан басқа халықаралық ұйымдар жаңындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы,Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Ирландия, Исландия республикалары мен Швеция Корольдігіндегі өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев 1960 жылы 16 ақпанда Алматы облысында дүниеге келді. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы — құқықтанушы. Құқық қорғау органдарындағы қызметін 1985 жылы Маңғышлақ облысының Шевченко қаласындағы прокуратурада аға тергеуші болып бастады. 1985-2002 жылдары прокуратура органдарында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды. 2002-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы. 2005-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары. 2007 жылғы қаңтар — қазан аралығында — Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы. 2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі. 2008-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2009-2012 жылдары — Алматы облысының прокуроры. 2012 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болды. Бірқатар ведомстволық және үкіметтік наградалары бар
Мемлекет басшысының Өкімімен Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі болып Қанат Тыныбайұлы Әлібеков тағайындалды. Қанат Тыныбайұлы, 1963 жылы туған, үш жоғары білімі бар, Алматы педагогикалық шетел тілдері институтын, Д.Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық институтын, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бітірген. 1999 жылғы маусым мен 2002 жылғы наурыз аралығында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды. 2004 жылғы қаңтардан бастап 2007 жылғы сәуір аралығында Алматы қаласында «Жігер сүт зауыты» ЖШС директоры болды. 2007 жылғы сәуірден 2008 жылғы сәуір аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, кейін 2012 жылғы мамырға дейін Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасында бөлім бастығы болды. 2012 жылғы тамызда Алматы облысы «Қарасай ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болып тағайындалды, 2013 жылғы ақпанда Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. 2013 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Тәртіптік кеңес төрағасы-департамент басшысы лауазымын атқарды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалімен наградталған.
Астанада Тұрғын үй басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке бұрын осы басқарма басшысының орынбасары болған Ахметов Руслан Аманжолұлы келді.
Сонымен қатар, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып Амангелдиев Талғат Бекмұратұлы тағайындалды. Ол осыған дейін Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментін басқарған.
Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы болып Нағымжан Алдияров тағайындалды. Н.Алдияров 1975 жылы дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы мемлекеттік Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, Сонымен қатар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін аяқтаған. Еңбек жолын 1997 жылы «Аққайың» өндірістік кооперативінде аға бухгалтер болып бастады. 1998-2005 жылдар аралығында Орал қаласындағы «Казагробанк» АҚ-ның Батыс филиалында, «Жүк тасымалы» МК жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі, Алға қалалық округінің әкімі болып қызмет етті. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Алға ауданы әкімінің орынбасары болды.