Бизнесмендер арнайы рұқсатсыз жер теліміндегі бизнесін қайта бейімдей алады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бизнесмендер арнайы рұқсатсыз жер теліміндегі бизнесін қайта бейімдей алады

Бизнесмендер арнайы рұқсатсыз жер теліміндегі бизнесін қайта бейімдей алады

Коммерциялық мақсатта жер телімін алған кәсіпкерлер аталған жерді арнайы рұқсатсыз басқа бизнеске бейімдей алады. Бұл туралы КТК телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

  • 22 Қыркүйек 2014
  • 335
Фото - Caravan.kz

Оның сөзіне қарағанда, жер телімдері алдағы уақытта үш санат бойынша, яғни, ауыл шаруашылығына, жеке тұрғын үй құрылысына және коммерциялық қажеттілікке ғана берілетін болады.

«Бизнеске арналған жерлер барынша көп мәселе туындатады. Мәселен, сізде жер телімі бар. Оған сіз техникалық қызмет көрсету стансасын салдыңыз. Алайда, ол жер мұндай қызмет үшін өтімсіз болды әрі ең дұрысы дәріхана салу қажет еді. Бірақ, бұл жерде басқа бизнесті өрістету үшін тағы да сәйкесінше мемлекеттік органдардың есігін қағып, уақыт ұттырып, келісім алу қажет. Егер жер онікі болса, онда оған мұндай рұқсатты берудің қажеті қанша?», — деді Б.Сағынтаев.

Оның сөзіне қарағанда, заңнамаға өзгертулер енгізілуде. Оған сәйкес, жер телімін алған бизнесмен сол жердегі өз бизнесін өзгерткісі келсе, онда арнайы рұқсат алмайтын болады.