Флорес 1999 жылдан 2004 жылға дейін осы елдің президенті болды.
Ол ел үкіметі 2001 жылы жер сілкінісінен зардап шеккен Тайваньға берілген 15 млн. доллар қаражатты жымқырды деп айыпталуда.
Еске сала кетсек, 2014 жылғы қаңтардан бастап қашып жүрген Флорес қыркүйектің басында сотқа берілген болатын.
Судья Флоресті үйқамақта ұстауға шешім шығарған болатын. Бұл оппозиция мен жұртшылық тарапынан наразылық тудырды. Жұма күні сот шешімді жойып, бұлтартпау шарасын алдын ала тұтқындауға өзгертті.