«Біздің театрлардың репертуарлары классикамен қатар, жергілікті драматургтердің шығармаларын қамтуы тиіс. Бірінші кезекте, бұл қойылымдар біздің жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. Біз қазіргі заманғы қаһармандар туралы пьесалар қоюымыз керек. Бұл тұрғыда адамдарды құтқарып, ерлік жасап жатқан адамдар бізде баршылық»,-деді министр.
Атап айтқанда, аталған ведомство әзірлеген тұжырымдамаға сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан театр және мұражай ісі жөніндегі шығармашылық кеңестер құруды қарастырады. Керкемдік кеңестер репертуарлық, гастрольдік, кадрлық саясатты үйлестіруді, өзекті мәселелерді шешуді қамтиды, сондай-ақ ілгерілеудің жаңа формаларын іздестіреді деп болжануда.