Украиналық бақылаушылар Қазақстанға сенат депутаттары сайлауына мониторинг жүргізуге келмеді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украиналық бақылаушылар Қазақстанға сенат депутаттары сайлауына мониторинг жүргізуге келмеді

Украиналық бақылаушылар Қазақстанға сенат депутаттары сайлауына мониторинг жүргізуге келмеді

Украиналық бақылаушылар Қазақстанға сенат депутаттары сайлауына мониторинг жүргізуге келмеді.

  • 22 Қыркүйек 2014
  • 490
Фото - Caravan.kz

"Миссия құрамына Украинадан басқа ТМД-ға қатысушы елдер, парламентаралық ассамблея өкілдері, Беларусия мен Ресей одағы Парламенттік жиналысының өкілдері, ТМД атқарушы комитетінен енген", деді ТМД атынан бақылаушылар миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слобода дүйсенбіде баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, миссия құрамында тәжірибелі әрі білікті мамандар жұмыс атқармақ. Олар ұлттық парламенттердің депутаттары, сайлау комиссияларының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері.

"Қазақстан парламенті сенаты депутаттарының сайлауына миссияның шақыртылуын біз бір жағынан мемлекеттің ықтияр актісі ретінде санасақ, екінші жағынан миссияның Достастық кеңістігіндегі беделі деп бағалаймыз", деді Е.Слобода.


ТМД атынан бақылаушылар миссиясы сенат депутаттары сайлауын мониторингтеуге 19 қыркүйек күні кірісті.

Алдында хабарланғандай, 2008 жылы сайланған сенат депутаттарының өкілдік мерзімінің аяқталуына орай жаңа сенаторлардың сайлауы 1-қазан күнге белгіленген.