"Мемлекет тікелей не жанама түрде кәсіпкерлік қызметке қатысып отыр. Қазақстандық бизнес қолайсыз жағдайда, өйткені мемлекеттік компаниялар экономиканың көптеген салаларында бәсекелестік қысым көрсетеді. Бұл іскерлік климаттың нашарлауына, бизнесті дамыту саласында әлуетті шектеуге, соның салдарынан елден капиталдың әкетілуіне әсерін тигізеді", деді ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов дүйсенбіде мәжілісте депутатттарға құжатты ұсынған кезде.
Ол атап өткендей, квазимемлекеттік секторда да түбегейлі өзгерістер керек.