Ақтауда теледидар лақтырып баланы мүгедек қылған адам айтқанынан айнып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда  теледидар лақтырып баланы мүгедек қылған адам айтқанынан айнып қалды

Ақтауда теледидар лақтырып баланы мүгедек қылған адам айтқанынан айнып қалды

Ақтауда басына көпқабатты үйден лақтырылған теледидар түсіп, кәріп болып қалған 4 жасар Исламның анасы өтемақы ретінде 11 миллион теңге талап етіп отыр. Бірақ осыған дейін кінәсін мойындап келген күдікті бүгін сотта аяқасты алдынғы жауабынан айнып шыға келді.

  • 23 Қыркүйек 2014
  • 288
Фото - Caravan.kz


Лақтырғанмен емес . Ол мүмкін емес қой.

— Теледидарды жел ұшырып өзі құлады ма сонда?

 — Білмеймін. Ішкі Істер бөлімі іздесін кінәліні.

Төбеден түскен теледидарға қатысты сот отырысы бүгін басталуы тиіс болған. Алайда адвокаттың келмеуі себепті кейінге қалдырылды. Күдікті Юрий Халан да адвокаты жоқта алдыңғы берген жауабынан айнып шыға келді. Тіпті баланың анасынан кешірім сұрайтын ыңғай танытып та отырған жоқ. Ал, бір айға жуық ес-түссіз жатқан кішкентай Ислам ауруханадан шыққан. Дегенмен енді өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін. Қазір нәрестенің көзі көрмейді, денесінің бір жақ бөлігі жансыз. Жүгіріп жүрген ойын баласының аяқ асты төсекке таңылуына 8-ші қабаттан лақтырылған теледидар себеп болған. Күдікті ұсталған кезде ескі затты далаға шығарып тастауға ерінгенін мойындаған еді.