Әскерден қашқан сарбазға айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерден қашқан сарбазға  айып тағылды

Әскерден қашқан сарбазға айып тағылды

Әскери бөлімнен қару алып қашып шыққан сарбазға адам өлтірді деген айып тағылды. Өткен жұмада Серік Дәулетбай төбелескен старшина госпитальда көз жұмған. Ал қатардағы жауынгердің үстінен  бірден екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

  • 23 Қыркүйек 2014
  • 262
Фото - Caravan.kz


Өзі секілді сарбазға шабуыл жасап, жазым еткен оның темір торда қанша жыл отыратынын енді сот шешеді. Серік Дәлетбай қазір уақытша тергеу абақтысында. Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласының тумасы ұлттық Қауіпсіздік комитетіне қарасты Алматы облысындағы  шекара қызметі сапына биыл мамыр айында ғана алынған. Макаров тапаншасы мен екі оқшантайды қоса алып қашқан 21 жастағы сарбаз бір тәулік өтпей ұсталды. Қашқынды полицияға әкесі ұстап берген.