АҚШ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдайды -Джон Керри - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдайды -Джон Керри

АҚШ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдайды -Джон Керри

АҚШ  Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайды,

  • 23 Қыркүйек 2014
  • 368
Фото - Caravan.kz

деп мәлімдеді дүйсенбі күні Нью-Йорктегі Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесу қорытындысы бойынша АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Мемлекеттік хатшы Керри Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдайтынын жеткізді», — деп мәлімдеді журналистерге мемлекеттік департаменттің өкілі.

Керри мен Ыдырысов өңірлік және жаһандық проблемаларды шешудегі стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп түйіндеді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі. Кездесу БҰҰ Бас ассамблеясы алаңында өтті.