Түркі дүниесіне ортақ өнер фестивалі Сыр бойында «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атауымен өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркі дүниесіне ортақ өнер фестивалі Сыр бойында «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атауымен өтеді

Түркі дүниесіне ортақ өнер фестивалі Сыр бойында «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атауымен өтеді

 8-9 қазан күндері Қызылорда облысы әкімдігі халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлесіп, Түркі тілдес халықтардың «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі  музыкалық өнер фестивалін ұйымдастырып отыр.
Түркі тілдес халықтардың ұлттық музыкалық өнерін дәріптей отырып, өзара  мәдени қарым-қатынас пен байланысын нығайтуды мақсат етеді. 

  • 6 Қазан 2014
  • 643
Фото - Caravan.kz


«Тұран және түркі әлемі» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің этно-археологиялық көрмесінен бастау алады. Фестиваль  аясында фольклортанушы-ғалымдардың, өнер зерттеушілері мен фестиваль қонақтарының қатысуымен  «Қорқыт Ата мұралары — түркі халықтарының рухани қазынасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциямен жалғасады. Сондай-ақ, түркі тілдес елдер мен қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.  

Түркі дүниесіне ортақ айтулы өнер мерекесіне Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Молдова елдерінен, Ресей Федерациясының Татарстан, Алтай, Якутия, Хакасия, Башқұртстан республикаларынан 29 әйгілі ғалымдар, фольклортанушылар, өнер зерттеушілері және 36 өнерпаздар мен өнер ұжымдары қатысады деп жоспарлануда. 
    

Перейти к новостям спорта