Павлодарлық студент «Алтын домбыра» сыйлығын жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық студент «Алтын домбыра» сыйлығын жеңіп алды

Павлодарлық студент «Алтын домбыра» сыйлығын жеңіп алды

Композитор Мұрат Өскенбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай Ақтауда өткен домбырашылардың VI республикалық байқауында «Алтын домбыра» жүлдесін павлодарлық музыка колледжінің студенті Ерасыл Әділбеков жеңіп алды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасынан. 

  • 8 Қазан 2014
  • 420
Фото - Caravan.kz


Жас талантты домбырашы кәсіби қазылар алқасы мен халық музыкасын сүйіп тыңдайтындарға үлкен әсер қалдырды. Ерасылдың айтуынша, оған Қазақстанның әр өңірлерінен келген 35 музыкант бәсекелес болған.

Конкурс үш турдан тұрды: оның алғашқы екеуінде Әбілдің, Еспайдың, Есірдің және Мұраттың күйлерін орындау қажет болса, 3-турда еш даярлықсыз ақтаулық қазақ ұлт аспаптары оркестрінің құрамында 3 күйді орындау керек болды. Оркестрмен бірге бозбала Қаршыға Ахмедияровтың «Елбасы», Айтқали Жайымовтың «Отан тау» және Махамбеттің «Жұмыр қылыш» атты туындыларын тартып шықты.

«Мұндай байқаулардан көп нәрсе үйренуге болады. Осы сыннан кейін менің репертуарымда жаңа әуендер пайда болды», — дейді Ерасыл.

Перейти к новостям спорта