Астанада төрткүл дүниенің таланттары тоғысқан скрипкашылар конкурсы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада төрткүл дүниенің таланттары тоғысқан скрипкашылар конкурсы басталды

Астанада төрткүл дүниенің таланттары тоғысқан скрипкашылар конкурсы басталды

Кеше Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің Орган залында V халықаралық скрипкашылар конкурсы басталды, деп хабарлайды ҚазҰӨУ баспасөз қызметі.

  • 13 Қазан 2014
  • 473
Фото - Caravan.kz

V Халықаралық скрипкашылар конкурсының басты мақсаты — классикалық музыканы дәріптеу, скрипка өнерін насихаттау, қазақстандық жас талантты скрипкашыларды жоғары деңгейге көтеру және Қазақстанның мәдени абыройын арттыру.

Конкурсқа — Қазақстан және шетел скрипкашылары, арнайы оқу орындарының тәрбиеленушілері қатысады. Қатысушылар жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді: жеткіншектер тобы (15 жасқа дейінгі) және ересектер тобы (16 — 28 жас аралығы).

Қатысушылар И.С.Бах, Н. Паганини, И. Брамс,
П. Чайковский, Д. Шостакович сынды ұлы композиторлардың шығармаларын орындайды.

Конкурс қазанның 17 қазан күні конкурс жеңімпаздарының салтанатты гала-концертімен аяқталады.


Конкурстың қазылар алқасы құрамы атақты скрипкашылардан тұрады: Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор Айман Мұсақожаева, Эдуард Грач (Ресей), Сергей Кравченко (Ресей), Александр Винницкий (Финляндия), Петр Шереметев (Франция).

Перейти к новостям спорта