«Астана Опера» Парижге үлкен дайындықпен барғалы жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» Парижге үлкен дайындықпен барғалы жатыр

«Астана Опера» Парижге үлкен дайындықпен барғалы жатыр

«Астана Опера» труппасы гастрольмен «Опера Бастилияға» барады. Мұнда тек «Опера Бастилия» ұжымы ғана өнер көрсетуге құқылы екенін, өзге театрлармен біріккен қойылымдар сирек жүзеге асатынын айта кеткен маңызды.

  • 14 Қазан 2014
  • 497
Фото - Caravan.kz

«Опера Бастилия» сахнасын жалға алуға болмайды, ғимарат мемлекетке тиесілі және Франция мәдениетінің даму жөніндегі үлкен кеңесімен басқарылады, деп хабарлайды аталмыш театрдың баспасөз қызметі.

Театр дирекциясы «Опера Бастилия» сахнасында париждік труппадан тәуелсіз шетелдік труппа өнер көрсету мүмкіндігіне тарихта алғаш рет ие болатынын атап өтті.

«Астана Опера» театрының труппасы 2 қарашада Францияға  концерттік бағдарламамен барады. Кештің ажарын театрдың жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина, сондай-ақ Денис Мацуев, Елдар Әбдіразақов, Фабио Саттори, Алан Бөрібаев, Ержан Күлібаев, Альберто Газале, сонымен қатар «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры ашады. Бірінші бөлімге аса көрнекті пианиношы Денис Мацуевтің орындауындағы Оркестрмен фортепианоға арналған №2, до минор, 18 ор. концерті көрік береді. Сондай-ақ, Е. Рахмадиевтің және М. де Фальяның тамаша туындылары орындалады. Дирижерлық тізгінде — маэстро Абзал Мұхитдинов.

Екінші бөлімде көрермен Дж. Вердидің «Аттила» операсының концерттік нұсқасын тамашалай алады. Әлемнің үздік бас дауысты әншісі Елдар Әбдіразақов негізгі партияны шырқайды. Одабелланы Жұпар Ғабдуллина орындаса, Форестоның ролін Фабио Саттори сомдайды. Дирижерлық тізгінде — әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев. 


«Астана Опера» театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов «Опера Бастилия» сахнасында өнер көрсету — барлық ұжым үшін үлкен  құрмет және үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. «Бізге өзімізді әлемнің ең үздік сахналарының деңгейінде қарастырылатын театр ретінде мәлімдейтін мүмкіндік туып тұр, неге десеңіз, Қазақстанның мәдени ошағының әлеуеті зор: шеберлігі асқан оркестр, ерекше хор, жарқыраған опера солистері мен балет әртістері бар», — деп атап өтті Төлеген Мұхамеджанов.

Перейти к новостям спорта