Бельгия: Денсаулық сақтау министрін артық салмағы үшін жұмыстан шығаруы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бельгия: Денсаулық сақтау министрін артық салмағы үшін жұмыстан шығаруы мүмкін

Бельгия: Денсаулық сақтау министрін артық салмағы үшін жұмыстан шығаруы мүмкін

Бірнеше күн бұрын ғана  Бельгияның Денсаулық сақтау министрінің орнына отырған 52 жастағы Мэгги  де Блок сынға ұшырап үлгерді. Оның бәрі шенеуніктің салмағының  128 келі болуына байланысты екен. Көптеген азаматтардың пікірінше, мұндай адам салауатты өмір салтын ұстанатындарға үлгі бола алмайды, деп хабарлайды Mirror .

  • 16 Қазан 2014
  • 342
Фото - Caravan.kz

Шын мәнісінде, Мэгги де Блок Бельгиядағы ең танымал саясаткерлердің бірі саналады. Кейбір сарапшылар оған премьердің орны да лайық деп санайды. Алайда, жақында билікке келген оны денсаулық сақтау министрі етіп тағайындағанына жергілікті журналистер таңырқап қалды.

«Спорт  пен дұрыс тамақтануға байланысты міндетті ол қалай атқарады», — дейді кейбір БАҚ өкілдері. Бельгия үшін бұл ереше маңызды, себебі, статистикаға сәйкес, ел халқының шамамен 47 пайызы артық салмақтан зардап шегеді.

Ал Блок ханымның өзі болса қандай да бір түсініктеме бермей жүр. «Маған менің сыртқы кейпіме қарап баға берудің қажеті жоқ. Қанша дегенмен, мен топ-модель емес, саясаткермін», — дейді шенеунік.


Осыған дейін Мэгги де Блок иммиграция істері министрінің орнында отырды. Сол кезде Бельгия азаматтығын алғысы келгендерге оңай болған жоқ. Бельгияда баспана алуға байланысты кері қайтарылған өтініштер шамамен екі есе өсті.