”Ол жерде үйленіп кетеді дегенге сенбеймін” - Qoslike жобасының бұрынғы қатысушысы - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ол жерде үйленіп кетеді дегенге сенбеймін” - Qoslike жобасының бұрынғы қатысушысы

”Ол жерде үйленіп кетеді дегенге сенбеймін” - Qoslike жобасының бұрынғы қатысушысы

“Qoslike” жобасының бұрынғы қатысушысы әрі әнші Жазира Байырбекованың жиені Good Zhan жобаға қатысу мақсаты туралы айтып берді.

  • 19 Маусым
  • 5
Screenshot

Бұл туралы ол “Taboo” бағдарламасына берген сұхбатында айтты” , — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Маған сол кездерде үлкен қыздармен сөйлескен ұнайтын. Блогерлердің арасында “Qoslike”-қа барғандарды қатты бағаламайды, олар не дейді екен деп ойладым. Бірінші эфирге барып Маржан деген қызбен сөйлесеміз. Онымен сөйлестік, таныстық. Эфирден кетіп бара жатсам да айтамын, эфирде күтпеген жағдай болмасын деп екеуміз келісіп аламыз. 3-ші эфирде маған Маржанмен қоштас дейді. Сол кезде “таныстық тоқтайды” дедім, ол сол кезде жылады”, — деді блогер.

Сондай-ақ ол өзі танысқан қыздардың тұрмысқа шығып кететіндеріне сенбейтінін айтты.

”Олар сол жерде отыр, олар сол жерде үйленіп кетеді дегенге сенбеймін. Ол адамдарға мен хайп, қаралым, оқырмандарын көтеріп бере аламын. Сол жағынан мен жақсымын. Басында Маржанмен танысамын деп барып, кейін осындай ой пайда болды”, — деді Good Zhan.