Сәнді көлік нөмірлері сатылымға шықты. Бағалары қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәнді көлік нөмірлері сатылымға шықты. Бағалары қандай?

Сәнді көлік нөмірлері сатылымға шықты. Бағалары қандай?

2014 жылдың қараша айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы Тіркеу-емтихан бөліністерінде жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірін сатып алуға болады, деп хабарлайды 1720.kz ШҚО ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 16 Қазан 2014
  • 508
Фото - Caravan.kz


20 қазаннан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы күшіне енеді. Аталған заңға сәйкес автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірін бергенi үшiн — айлық есептік көрсеткіштен 13 700 пайыз; автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік нөмірі белгiлерін бергенi үшiн — айлық есептік көрсеткіштен 22 800 пайыз мөлшерінде мемлекеттік баж белгіленген. 2014 жылы аталған тіркеу нөмірлерінің ақшалай баламасы сәйкесінше 253 мың 724 теңге және 422 мың 256 теңгені құрайды.