Қазақстан АҚШ азаматтары асырап алған, бірақ тағдыры белгісіз балаларды іздеуді жалғастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан АҚШ азаматтары асырап алған, бірақ тағдыры белгісіз балаларды іздеуді жалғастыруда

Қазақстан АҚШ азаматтары асырап алған, бірақ тағдыры белгісіз балаларды іздеуді жалғастыруда

Қазақстан АҚШ азаматтары асырап алған, бірақ тағдыры белгісіз балаларды іздеуді жалғастыруда,

  • 16 Қазан 2014
  • 487
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім.

"Сіздер білесіздер, бізде ондай есебі болмаған 600-ден аса бала бар. БАҚ-да біз бұл балалардың қайда екендігін білмейтіндігіміз-мыс туралы ақпарат шыққан болатын. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет есебі болмаған 600-ден аса баланың тізімін берді. Біз оны СІМ бердік, СІМ оны АҚШ Мемлекеттік департаментіне жолдады", деді М.Әбдікәрім "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, "америкалық азаматтар асырап алған 370 баланың есебі берілген".

"Балалар тірі, аман-есен, отбасында тәрбие алып жатыр. АҚШ Мемлекеттік департаменті басқа балаларға қатысты жұмысты жүргізіп отыр", деді ол.


Ол еске салып өткендей, АҚШ-қа сапар барысында көптеген ата-аналардың бір штаттан басқасына көшуіне орай асырап алу жөніндегі агенттіктер оларды табуға қиналып отыр.

"Елшілік арқылы тізімді бердік, жұмыс жүргізілуде, өкілеттігім болмаса да, соңғы есепті алғанша, бұл процедураны әзірге қайта қолға алмайтын ыңғайымызды білдірдім. Бізге ол балаларды табу керек", деді ол.