"Қазақстан темір жолы" құрамындағы үш компания бастапқыда қойылғаннан жоғары бағаға сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан темір жолы" құрамындағы үш компания бастапқыда қойылғаннан жоғары бағаға сатылды

"Қазақстан темір жолы" құрамындағы үш компания бастапқыда қойылғаннан жоғары бағаға сатылды

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы» АҚ құрамындағы үш компания 2014 жылы 10-қазанда

  • 16 Қазан 2014
  • 1366
Фото - Caravan.kz

қаржы министрлігінің электронды алаңшасында өткен кезекті сауда-саттық барысында сатылды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының баспасөз қызметінен.

Оның ішінде "ЕртісСервис" ЖШС 703,8 млн теңгеге сатылды, бұл бастапқы бағадан 15% артық, "Қазығұрт-Юг" ЖШС — 960,5 млн теңгеге (бастапқыда белгіленген бағадан 1,6 есеге артық). МАК-Екібастұз" ЖШС -1,02 млрд теңгеге (бастапқы бағадан 3,6 есеге артық).

Қордан атап өткендей, сатылған компаниялар бойынша мәмілелер екі айдың ішінде аяқталады деп күтілуде.


Компаниялар 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында сатылған.