Психологиялық және психиатриялық сараптамалардың қорытындысына сүйенсек, айыпталушының ақыл-есі дұрыс. Рудный қаласының 19 жастағы тұрғыны қазір кінәсін мойына алып, түсінік беруде. Өзінің қылмысқа қатысы бар екенін де жоққа шығармайды. Виктория Ганя сәуір айында жоғалып кеткен болатын. Полиция оны бір ай бойы іздеген. Марқұмның мәйіті кейін салынып бітпеген ескі гараждан табылды.