Өйткені Миланда «Азия-Еуропа» форумының кезекті саммиті өтуде. Басқосу кезінде, Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше мемлекеттің басшыларымен кездесу өткізбек. Миланға 50 елдің президенті келген. Сондықтан қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. «Азия-Еуропа» халықаралық ұйымына Орталық Азиядан тек Қазақстан мүше. Жалпы, форумда экономика саясат, қауіпсіздік, мәселелері талқыланбақшы. Сондай-ақ Украинадағы жағдай да сөз болады.