Қазақстанда америкалық деректі кинофестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда америкалық деректі кинофестивалі өтеді

Қазақстанда америкалық деректі кинофестивалі өтеді

Қазанның 23-і мен қарашаның 5-і аралығында елімізде америкалық деректі кино фестивалі өтеді.

  • 20 Қазан 2014
  • 471
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Фестивальда көптеген жүлделердің иегері, Америка мәдениеті, соның ішінде, Американың батысы мен үндістер туралы баяндайтын бес фильм көрсетілмек», — делінген хабарламада.

Атап айтсақ, «Бак» фильмі – америкалық ковбойдың өмірін, «Урбандану» фильмі – байырғы америкалықтардың ерікті қоныс аударуы туралы, «Қараңғы қала» — қоршаған ортаның ластануы туралы, «Сауықтыратын ойын» — онондага тайпасынан шыққан ағайынды жігіттердің өмірі, «Уранды драйв» — Колорадо штатындағы шағын жамағаттың тіршілігі жайлы баяндайды.

Фестиваль Астанада 25-қазанда, Қостанайда 26-27-қазанда, Қарағандыда 28-30-қазанда, Алматыда 31-қазан мен 2-қараша аралығында, Шымкентте 3-4-қарашада өтеді.


Перейти к новостям спорта