Мәскеуде Внуково әуежайында жеке ұшақ апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Внуково әуежайында жеке ұшақ апатқа ұшырады

Мәскеуде Внуково әуежайында жеке ұшақ апатқа ұшырады

Мәскеудегі Внуково әуежайында Falcon жеке ұшағы қар жинаушы көлікке соғылып, апатқа ұшырады, деп хабарлады «ТАСС». 

  • 21 Қазан 2014
  • 333
Фото - Caravan.kz

«Алдын ала мәлім болған деректер бойынша, ұшақ Мәскеуден Парижге бағыт алған. Апат салдарынан 5 адам қаза тапты. Оның 4-уі ұшақ бортындағылар болса, біреуі көлік жүргізушісі», — деді Мәскеу Халықаралық көліктегі тергеу басқармасының өкілі Татьяна Морозова.

Әуежай әзірге ұшақтарды қабылдап, ұшырып жатқан жоқ. Бірақ, ұшатын жолаушыларды тіркеу және қол жүктерін тексеру жүргізіліп жатыр.