Қазақстанда зейнетақы жүйесі реформаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда зейнетақы жүйесі реформаланады

Қазақстанда зейнетақы жүйесі реформаланады

Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау жоспарланып отыр

  • 18 Маусым
  • 3
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, қазіргі уақытта үкімет Дүниежүзілік банкпен бірлесіп тиісті тәсілдерді әзірлеп жатыр.

«Халықты қамтуды және Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кірістілігін арттыруға бағытталған зейнетақы жүйесін реформалаудың тұжырымдамалық тәсілдері әзірленеді», — деді Тимур Сүлейменов Сенаттың жалпы отырысында.

Зейнетақы жинақтарының неғұрлым жоғары кірістілігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк БЖЗҚ-ның инвестициялық стратегиясын жетілдіреді – акциялар мен баламалы құралдар сияқты жоғары кірісті активтердің үлесі артады.

«Осыған байланысты маусымда біз жаңа портфель – баламалы құралдар портфелін құрдық. 500 миллион доллар сомасына алғашқы транш жүзеге асырылды. Зейнетақы активтерін жеке басқару институтын дамыту жұмыстары жалғасады», — деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, бұл зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыруға ықпал етіп, бағалы қағаздар нарығының дамуына оң әсерін тигізеді.